Перейти к содержимому
Обложка трека Тәттімсің — Ақылхан Әуелбеков feat. SMITTY
3:22

Трек

Ақылхан Әуелбеков feat. SMITTY Тәттімсің Remix

Сингл · 2020 · Поп

Скачать

Текст песни

Ерке мінез қылықты, арайлым,
Ханшайымы сол зәулім сарайдың.
Қарақат көз, тал мойын сұлуым,
Келбетіңе ұрлана қараймын.

Жүрегімнің жырлады жас-жаны,
Қаламайды сенен басқаны.

қ/сы:
Сен бірақ тәттісің шоколадтан,
Жаралған махаббаттан.
Арайлап атар ақ таң, өзіңменен.
Сен жаным тәттісің мармеладтан,
Сағынтып жан қинатқан.
Жүрекпен жыр жинатқан.

Жыр арнадым өзіңе сезіммен,
Көңілімді бағала сезілген.
Қайталанбас жүректің жылуы,
Күтіп жүрмін мәңгілік өзіңнен.

Сұлуым сен сезімнен жаралған,
Жетелейді саған бар арман.

қ/сы:
Сен бірақ тәттісің шоколадтан,
Жаралған махаббаттан.
Арайлап атар ақ таң, өзіңменен.
Сен жаным тәттісің мармеладтан,
Сағынтып жан қинатқан.
Жүрекпен жыр жинатқан.

Ойымды аулап, жанымды жаулап,
Өзіңді көрдім, кеттің бе жүрегімді баурап?
Сен мұхит болсаң - мен кемемін,
Махаббаттың бар екеніне сенемін.
Сұлуым күлімдеші - бұл тек саған жарасымды ғой,
Жалғанда тек сендікпін, қызғануды таласуды қой!
Кел, кел, кел алтыным,
Сен, сен, сен жарқыным.

Таңның атысы мен күннің батысымен,
Іздеймін өзіңді, тәттімсің!

қ/сы:
Сен бірақ тәттісің шоколадтан,
Жаралған махаббаттан.
Арайлап атар ақ таң, өзіңменен.
Сен жаным тәттісің мармеладтан,
Сағынтып жан қинатқан.
Жүрекпен жыр жинатқан.

0:00 0:00