Обложка трека Хабарласпаңыз — Марат Балмырза
3:34

Марат Балмырза Хабарласпаңыз

Сингл · 2023

Скачать

Текст песни

Өткеннің бәрі сағымға айналды
Жүрегім сізді сағынбай қалды
Басқадан енді бағыңды іздеші
Басқаға менің бағым байланды
Ертеңнен үзбей үмітті әр күнің
Алдыңнан шығар күліп тағдырың
Бір көктем сізге оралары анық
Бірге өткен кездің ұмыт барлығын!

Сіз маған енді хабарласпаңыз
Хабарласып жүр маған басқа қыз
Кез келген кезде қоңырау шалып
Кездескен кезде амандаспаңыз

Жүректі бергем сақтамадыңыз
Жүрекпен сенгем ақтамадыңыз
Үзіңіз енді үмітіңізді
Үзілсін бірге хат хабарыңыз
Алмаймын сізді мүлде кешіре,
Қамай бермеңіз мұң бөлмесіне
Қоңырау қалып сала бермеңіз
Келмеске кеткен күндерді есіме!

Сіз маған енді хабарласпаңыз
Хабарласып жүр маған басқа қыз
Кез келген кезде қоңырау шалып
Кездескен кезде амандаспаңыз

0:00 0:00