Текст песни
Қайтарайықшы өткенді,
Алыстап сонша кеттік пе?!
Сүйемін сені леп белгі,
Күтемін сені көп нүкте…
Алмайсың, қоңырау шалмайсың,
Бір айтқан сөзіңнен танбайсың.
Алдымнан кездесіп қалмайсың
Кей кезде жаным,
Қандайсың жаным, қандайсың?
Сен маған “қош бол” дедің,
Менде “қош бол” дедім-ай.
Жауапсыз сезім кешкенше…
Сенікі қоштасума,
Ал, менікі жай
Келесі кездескенше…
Жүрексіз менің жүрегім,
Махаббатыңды тіледім.
Бәрі-бір бірге боламыз,
Мен сені жақсы білемін.
Алмайсың, қоңырау шалмайсың,
Бір айтқан сөзіңнен танбайсың.
Алдымнан кездесіп қалмайсың
Кей кезде неге жаным,
Қандайсың жаным, қандайсың?
Сен маған “қош бол” дедің,
Менде “қош бол” дедім-ай.