Текст песни
Көз сүйсінер көркіңменен шамдай жанғансың,
Қаша алмассың сезім деген қан майданнан шын.
Жүрекпенен сүйе алатын сүйген адамын,
Жібекпенен Баяндардан аумай қалғансың.
Қыз Жібек дейін сұлу қыз,
Сыр сандық сынды сырыңыз.
Түнеріп тұрғой түріңіз,
Қалай болғаны мұныңыз.
Баяндай көркем сұлу қыз,
Қозы Көрпештің біріміз.
Жар болып Жаратқан өзі,
Жарасса екен жұбымыз.
Миығыңнан күле тұғын мысқылың басым,
Үш тәулікте ұшқыр ойың үш құбылмасын.
Жібек болсаң мен Төлеген арамызға кеп,
Бекірежал Бекежан тек қыстырылмасын.