Текст песни
Тыңда әнімді,
Сүйген жанымды.
Таңырқай берем сендей жан жоқ.
Тәтті балыңды,
Жүрек сағынды.
Бейнең әдемі,
Атқан таң еді.
Асылым айдай көркің сенің.
Жұмбақ жан еді,
Ғажап әлемі.
Қабағыңды түйме күлімде,
Кетпейдіғой жаным түгіңде.
Мен жүрмінғой арқап арман жүгінде.
Шүкір етем осы күнімне,
Сыйлаған тағдырдың гүліне,
Жұлдыз аққан ай жарық аспан түніме.
Өмірдің мәні,
Жүректің әні,
Өзіңсің бұл жалғанда.
Еркеле тағы,
Сұлудың сәні.
Екеуміз ғана,
Сезіммен дара,
Жетейік баянды бақытқа.
Жымыйып қара,
Бағыңа бала.