Текст песни
Қатар өтті балалық шағымыз бірге,
Шырқалатын бал дәурен әніміз күнде.
Қайран менің қадірлі балғын достарым,
Ажырамай жүруші ек жанымыз мүлде,
Сағынғанда салатын басты менің менің,
Әрбіреуің тау тұлға, мақтаным едің.
Маған алтын уақытын арнап жүретін,
Алтыннан да бағалы достарым менің
Ұмытылмас ең қымбат өтті кездерім,
Қайда сол бір кешегі отты көздерің,!
Жүрші досым, ауылға барып қайтайық,
Балалықтың еске алып тәтті кездерін
Сағынғанда салатын басты менің менің,
Әрбіреуің тау тұлға, мақтаным едің.
Маған алтын уақытын арнап жүретін,
Алтыннан да бағалы достарым менің