Обложка трека Ата-анаң бар байлығың — Азимбек Байлин
4:15

Азимбек Байлин Ата-анаң бар байлығың

Сингл · 2022

Скачать

Текст песни

Бейнет кешкен сен үшін
Ата-анаң табылмайды.
Алған адам тәлімін
Өмірде жаңылмайды.
Саған өмір сыйлаған
Сыйлай біл ата-ананы.
Бар бақыттың бастауы
Солардың баталары
Жанарында ананың
Мейірім бұлағы бар
Табанында ананың
Екі әлем жұмағы бар.
Қалауында әкенің
Өмірдің ұраны бар.
Қабағында әкенің
Бақыттың тұрағы бар!
Анаң тұрса күлімдеп-
Қолыңда бар байлығың.
Кірлетпейік адамдар
Ананың ақ жаулығын.
Орындаған екі етпей
Перзенттің бар қалауын.
Құлатпайық адамдар
Әкенің ар жалауын!

0:00 0:00