Текст песни
Ауаңды аңсап,
Айғайлап жар сап,
Далаңды кезіп келемін.
Сағынған құмдар,
Сағынған жылдар,
Жүрекпен сезіп келемін.
Көзіме сағым,
Балалық шағым,
Алаңсыз күндер елестер.
Құмыңда аунап,
Асыр сап ойнап,
Қайдасың балғын-белестер?!
Далаңа көрік-
Қызғалдақ теріп,
Тайға мініп-ап шапқан күн,
Төбелер қуып,
Майса шөп буып,
Есімде ай-хой батқан күн!
Төріңді аңсап,
Айғайлап жар сап,
Далаңды кезіп келемін.
Қуаныштарым,
Сағыныш барын,
Жүрекпен сезіп келемін!..