Текст песни
Төзімім баяу
Сөнуге таяу.
Көңілге қаяу салған
Сендік ой-ау...
Құбылған бояу,
Сезімдер саяу.
Келемін саған
Бірақ, мен әлі жаяу.
[Көпір]
Сенің бейнең менен бүгін тағы ұйқы ұрлады, ұйқы ұрлады, ұйқы ұрлады.
Терең енем, сезем жеңілдікті ми қолдады, қиып орады, бейтарап үн.
[Қайырма]
Келесің сен,
Сенемін мен.
Күнде түнімен
Ояумын мен. (2)
Естіледі ме?
"Есті" ілгеріде.
Ес білгелі мен
Дес бермеген екем...
Көзімді ілем(ін)
Өзім де білем(ін)
Түзелетінін тауып алсам
«Бір ем»