Текст песни
Тағдыр соққыға жыққанда ұстау керек блокты
Өзінді тұтандыр үрлей бермей сөнген шоқты
Сәттерін қайтып келмейді
Ал сені ұстап алды тағы weed
Тағы бір бэнгер
Қайда менің теңгем?
Біз жарып жарық берудеміз
Төбеге төменнен
Баурым қоя сал!
Бұл бөлек деңгейлер
Байлықтары қалтада
Бірақ іштей олар кедейлер
Лайға толы әлем. Батпа..
Өнерді ешкімге сатпаймын
Інімді қанша қыздар сүйді
Махаббатты бірақ таппады
Біреуге бар, біреуге жоқсын
Бір күн аш, бір күн тоқсын
Қазір істе! Қайдағы ""сосын""
Біздің уақыт келді досым
Тағдыр соққыға жыққанда ұстау керек блокты
Өзінді тұтандыр үрлей бермей сөнген шоқты
Сәттерін қайтып келмейді
Ал сені ұстап алды тағы weed
Қайтып келдім кетпегендей
Қайтып келдім кетпегендей ия!
Күнім айыма айналған сайын
Миымда тек уайым ия
Сондықтанда бүгін ертенім үшін жасаймын ия
Мендік әрдайым
Түнектеде дайын
Мағанда бір кесе эй
Мағанда бір кесек эй
Әр дәмін тату керек ия
Бәріне бұл өмірден ия
Бұл жеке ойым
Бұл жеке ойыным
Кешегі той, дәріге тойдым