Текст песни
Жүзіп ем,
Ағыммен.
Үмітім үзіліп бәрінен.
Сені іздеп,
Жүр едім.
Алдымнан жолықшы деп тіледім.
Жылу бердің кезігіп жаныма,
Алып келдің өмірге мағына.
Енді сені теңеймін бағыма,
Мақсатым мен арманыма.
Тастамашы мені тастама,
Байланбасын менің ойым басқаға,
Жаным басқаға.
Сенсіз жүрек кетер ластана,
Таң атқанда, қараңғы түн басқанда,
Мені тастама.
Өмірдің,
Мәні сен,
Сенімен жасырын тілдесем.
Сен маған керексің,
Бақытты болуыма себепсің.
Әр кездесу мен үшін шын бақыт,
Саған деген сезімді шыңдатып.
Жүрегімді аламын тыңдатып,
Терең-терең ойға батып.
Тастамашы мені тастама,
Байланбасын менің ойым басқаға,
Жаным басқаға.
Сенсіз жүрек кетер ластана,
Таң атқанда, қараңғы түн басқанда,
Мені тастама.