Текст песни
Аямайды, қарамайды
Уақыттың ағысы ешкімді менсініп тыңдамайды
Тоқтамайды
Сақтамайды
Сағаттың тілдері ешкімді қолдап жақтамайды
Мейлі жүгір мейлі қал
Мейлі шарша мейлі тал
Мейлі жарыс мейлі қу
Уақыт үшін бәрі бу
Ұрлап жатыр жастығымның әр сәтін
Сыйлап жатыр бақыт толы қанша күн
Уақыт тәніңді жұлмалап жейді
Сағат тілімен сан тілімдейді
Жел болып қағып
Аяз боп қарып сөйлейді, сөйлейді, сөйлейді
Уақыт жаныңды жұлмалап жейді
Алса алғанын қайтып бермейді
Сәуле боп шағып
Дауыл боп соғып
Сөйлейді,сөйлейді, сөйлейді.
Қаланы қулаған құлатпайтын ем
Адамды жылаған жылатпайтын ем
Қолымнан келсе егер
Уақыт сенің тіліңді тоқтататын ем
Кінәсыздың көз жасын жоқтататын ем қолымнан келсе егер.
Көрінбейді
Білінбейді
Уақыттың бар жоғы біздерге байқалып сезілмейді
Қисаймайды
Түзелмейді
Дәуірі өткенде ғана тек бәрі безілдейді.