Обложка трека Болмасын соғыс — Chingiz Typhoon, The Grateful
3:20

Chingiz Typhoon, The Grateful Болмасын соғыс

Сингл · 2023

Скачать

Текст песни

Тартады азап аналар
Болса да қандай, дау мында
Шейіт боп кетті сарбаздар
Соғысқа тағы барғанда
Бозбала кетпей жыраққа
Күлімдеп шықсын жаңа таң
Күн төккен ғажап шуаққа
Бойжеткен жайсын алақан

Бұзбасын ешкім сәнімді
Жүректе қайғы қалмасын
Қиналтып ата-анамды
Әлемде соғыс болмасын
Әлемде соғыс болмасын
Әлемде соғыс болмасын

Тойлайды тірі жеңісін
Өлгендер кейін қайтпайды
Жеңгеннің, бірақ, көбісін
Батыр деп ешкім айтпайды
Жанарда өшпей жатыр уайым
Оның да сырын білемін
Жырларын естіп ақынның
Кетеді шаншып жүрегім

Бұзбасын ешкім сәнімді
Жүректе қайғы қалмасын
Қиналтып ата-анамды
Әлемде соғыс болмасын
Әлемде соғыс болмасын
Әлемде соғыс болмасын

Татулык – біздің сәніміз
Жер болса ортақ үйіміз
Тоқтайды неге әніміз
Күмбірлеп шықпай күйіміз
Болмасын соғыс елімде
Даламыз нұрмен көгерсін
Кіршіксіз ашық көгімде
Шарықтап ұшсын көгершін

Бұзбасын ешкім сәнімді
Жүректе қайғы қалмасын
Қиналтып ата-анамды
Әлемде соғыс болмасын
Әлемде соғыс болмасын
Әлемде соғыс болмасын

0:00 0:00