Текст песни
Менің әкем жастықтай жалын әнім.
Менің анам жимаған жанына мұң.
Жоқшылықтың майданын кешіп жүріп.
Тоқшылықтың көтерген шаңырағын.
Біреуде байлық көп те, бала жалғыз.
Бәріміз мейірбанбыз, балажанбыз.
Барында ата-анаңның алғысын ал,
Адамда әке жалғыз,ана жалғыз.
Менің әкем асқар тау, баталы адам.
Менің анам ол менің Отан анам.
Тіршіліктің бастауы Жаратқаннан.
Құлшылықтың бастауы ата-анадан.
Біреуде байлық көп те, бала жалғыз.
Бәріміз мейірбанбыз, балажанбыз.
Барында ата-анаңның алғысын ал,
Адамда әке жалғыз,ана жалғыз.
Сағыныштан кей-кейде сана жүдеп.
Құлын күнін аңсайды бала жүрек.
Адам бол деп айтады әкем ақыл.
Аман бол деп тілейді ана жүрек.
Біреуде байлық көп те, бала жалғыз.
Бәріміз мейірбанбыз, балажанбыз.
Барында ата-анаңның алғысын ал,
Адамда әке жалғыз,ана жалғыз.
Комментировать