Текст песни
Қызыл да, жасыл боп жан-жағы,
Сендіріп сөзіңнің арзаны,
Арбадың, алдадың... ар жағы
көп нүкте...
Кездесер сәттерді күтпе көп,
Бітті енді, бізге ортақ түк те жоқ!
Жолымыз түйісер нүкте жоқ,
жоқ нүкте!
Барамын десең бара бер,
Біздің жолымыз - параллель.
Екі жол бізді күтіп тұр,
Біреуін таңдап ала бер...
Қаламын десең қала бер,
Бәрібір жолың - параллель.
Екі жол бізді күтіп тұр,
Біреуін таңдап ала бер!
Адалдық... бәрінен асқақ ол!
Жанарың толғанмен жасқа мол,
Бақытқа баратын басқа жол
табамын!
Жалт сөніп сезімнің жарқылы,
Қалса да азайып қарқыны,
Басқаның жүрегі арқылы,
барамын...
Кездесер сәттерді күтпе көп,
Бітті енді, бізге ортақ түк те жоқ!
Жолымыз түйісер нүкте жоқ,
жоқ нүкте!
Барамын десең бара бер,
Біздің жолымыз - параллель.
Екі жол бізді күтіп тұр,
Біреуін таңдап ала бер...
Қаламын десең қала бер,
Бәрібір жолың - параллель.
Екі жол бізді күтіп тұр,
Біреуін таңдап ала бер!
Адалдық... бәрінен асқақ ол!
Жанарың толғанмен жасқа мол,
Бақытқа баратын басқа жол
табамын!
Жалт сөніп сезімнің жарқылы,
Қалса да азайып қарқыны,
Басқаның жүрегі арқылы,
барамын...