Обложка трека Қайран жастық — Roza Alqoja
3:41

Roza Alqoja Қайран жастық

Сингл · 2024

Скачать

Текст песни

Айтпаған әнім қалды -
Домбыра шанағында.
Көрмеген сәнім қалды -
Тірліктің талабында.
Шықпаған жаным қалды -
Сөнбеудің амалында.
Жүрмеген жолдар қалды -
Жылдардың жанарында!..
Қайраңда қайраңдаған, қайран, жастық,
Өкініп, опынсаң да қайырылмас түк.
Сырыңды таңға айтатын досың қайда,
Пайғамбар қоспап па еді айырылмас қып?!.
Өлмейтін сезім қалар -
Үміттің үлесінде.
Көнбейтін кезің қалар -
Күйбеңнің күресінде.
Бітпейтін төзім қалар -
Байланған бір есімге.
Өзіңмен өзің қалар
Кез келер білесің бе?!

0:00 0:00