Текст песни
Көк майса Алатаудың бөктерінде,
Гүл тердік жастық шықтың көктемінде.
Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең,
Қолымды жеткізгендей көкте күнге.
Айналдым,ақ маңдайлым,
Ақылдым,бал таңдайлым
Жалында жас дәуренде,
Ұялма,'жан сәулем!' де,
Жақсылықтың жоқ,сәулем,ерте-кеші,
Жадырашы,назданшы,еркелеші.
'Сен' деген сөзің серттен артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
Өзгеге өзін қимас өр көңілім,
Лебіңнен қорғасындай балқып еді.
Айналдым,ақ маңдайлым,
Ақылдым,бал таңдайлым
Жалында жас дәуренде,
Ұялма,'жан сәулем!' де,
Жақсылықтың жоқ,сәулем,ерте-кеші,
Жадырашы,назданшы,еркелеші.
'Сен' деген ыстық сөзің артық еді,
Өзіңе іштей мені тартып еді.
'сіз' деген салқын сөзлен тоңамың ғой,
'Сен' десең көңіл қайта шалқыр еді.
Айналдым,ақ маңдайлым,
Ақылдым,бал таңдайлым
Жалында жас дәуренде,
Ұялма,'жан сәулем!' де,
Жақсылықтың жоқ,сәулем,ерте-кеші,
Жадырашы,назданшы,еркелеші.