Обложка трека Анаңа қоңырау шалдың ба? — Meirambek Besbayev feat. Райым Уайыc
3:34

Meirambek Besbayev feat. Райым Уайыc Анаңа қоңырау шалдың ба?

Альбом · Анаңа Қоңырау Шалдың Ба? · 2024

Скачать

Текст песни

Әлдиін айтып тербеткен
Тәрбие берген жөргектен
Анаңдай асыл адамды
Табарсың қалай жер-көктен?!
Қадірлеп аппақ жаулығын
Тағдырдың тартқан тау жүгін
Ауылда қалған анаңның
Білдің бе аман-саулығын?!
Кетсең де шалғай сан қырға
Бар өзіңді еске алдың ба
Жетелеп сені жеткізген
Анаңа қоңырау шалдың ба?
Жүзіңнен шуақ төгілген
Қиналсаң, көңілі сөгілген
“Жарығым”, “балапаным” деп
Елжіреп жаны егілген
Шекпесін десең сары уайым
“Қалай деп, мама, хал-жайың?”
Ауылда қалған анаңның
Білдің бе сұрап жағдайын?
Қарамай дауыл, жаңбырға
Өзіңді салған даңғылға
Арқалап жүріп өсірген
Анаңа қоңырау шалдың ба?
Қарамай дауыл, жаңбырға
Өзіңді салған даңғылға
Арқалап жүріп өсірген
Анаңа қоңырау шалдың ба?
Анаңа қоңырау шалдың ба?

0:00 0:00