Текст песни
Арман-ай, таңдар-ай...
Нұрын шашып, сені еске салғаны-ай...
Күндер-ай, түндер-ай...
Өзің болып елестеді күн мен ай....
Асау жүрек ақылыма бағынбай
Жаным сені жақсы көрем жанымдай
Сезім мені шарпып алды жалындай...
Бағымдай...
Сүйген жүрек тұралмайды сағынбай...
Ойламай, ойламай...
Сені ойламай жүре алмаймын ол қалай?
Ойлар-ай, ойлар ай...
Мені саған жіпсіз байлап қойғаны-ай
Арман-ай, таңдар-ай...
Нұрын шашып, сені еске салғаны-ай...
Күндер-ай, түндер-ай...
Өзің болып елестеді күн мен ай....
Көзің сұлу құралайдың көзіндей...
Кір шалмаған мөлдір тұнық сезімдей
Бұл әлемде ешкім жоқтай өзіңдей
Өзіңдей...
Неге сені ойлай берем көз ілмей....
Ойламай, ойламай...
Сені ойламай жүре алмаймын ол қалай?
Ойлар-ай, ойлар ай...
Мені саған жіпсіз байлап қойғаны-ай
Асау жүрек ақылыма бағынбай
Жаным сені жақсы көрем жанымдай
Сезім мені шарпып алды жалындай...
Бағымдай...
Сүйген жүрек тұралмайды сағынбай...
Ойламай, ойламай...
Сені ойламай жүре алмаймын ол қалай?
Ойлар-ай, ойлар ай...
Мені саған жіпсіз байлап қойғаны-ай