Перейти к содержимому
Обложка трека ТОМИРИС — Missai
2:45

Трек

Missai ТОМИРИС

Сингл · 2025 · Поп, Танцевальная

Скачать

Текст песни

Өзің болып ойлап тұрған белдер-ай!
Көзің болып салмақ тұнған көлдер-ай!
Жүзің болып жайнап тұрған гүлдер-ай.
Ізің болып сайрап тұрған Күн мен Ай.

Тұран қызы, қыран қызы – елімнің,
Ұран қызы, жыр-ән қызы – жерімнің.
Даласындай дана қызы – түркімнің,
Анасындай пана қызы – жұртымның.

Тұмар қызы бабамыз – сақтардың,
Көкірегіме тұмарымдай сақтармын.
Мән-ырысы – айлы кештер, ақ таңның,
Күллі жұртқа атыңменен мақтандым.

Қолаң шашың – қара орманы Алтайдың,
Сәукелеңді – Жетісудан байқаймын.
Алқа-сырғаң – Сексенкөлі Арқаның,
Батыста қалған қылыш-қалқаның.

Тұмар қызы бабамыз – сақтардың,
Көкірегіме тұмарымдай сақтармын.
Мән-ырысы – айлы кештер, ақ таңның,
Күллі жұртқа атыңменен мақтандым

0:00 0:00