Текст песни
Қалмайын деп қатардан,
Жұмыс күннен қалмаған,
Таңды таңға жалғаған,
Күнімді білмейсің...
Үй мен жұмыс арасы-ау,
Уақыт өтіп барады-ау.
Күн де күліп қарайды-ау,
Көзіңе ілмейсің...
Білінбей өтер күндер, бекер көрмейсің!
Өзіңе бір тынымды неге бермейсің?
Енді маған неғыл дейсің? Шаршадым дейсің!
Кімнен кемсің?
Сен үндемейсің!
Демалуға неге уақыт бөлмейсің?
Бәрін тастап кетіп қалу саған керек-ау!
Hey, yeah!
Қыдырайық бірге біз,
Қалаларды аралап!
Қыдырайық бірге біз,
Тауларды да аралап!
Қыдырайық бірге біз!
Жаңа күн бар, жаңа дем.
Шаттануды қалап ем!
Арманыма барам мен,
Бақытты көрінсем!
Бәрін тастап билей бер,
Уайымдама, күле біл!
Көңіл көтер жиі бір!
Бақытты сезінсең?!
Білінбей өтер күндер, бекер көрмейсің!
Өзіңе бір тынымды неге бермейсің?
Енді маған неғыл дейсің? Шаршадым дейсің!
Кімнен кемсің?
Сен үндемейсің!
Демалуға неге уақыт бөлмейсің?
Бәрін тастап кетіп қалу саған керек-ау!
Hey, yeah!
Қыдырайық бірге біз,
Қалаларды аралап!
Қыдырайық бірге біз,
Тауларды да аралап!
Қыдырайық бірге біз.
Қыдырайық бірге біз!