Текст песни
Жолдар жатыр аршып алатын,
Шапқандарға қамшылап атын!
Өмір деген күресу ме екен
Боз кілемнен шаң шығаратын?!
Өмір, өмір, теңіз бе едің?
Терең жүзіп нені іздедім,
Сындардан өтем әлі қандай?
Өмір, биік таудаймысың
Шыға алам ба талмай күшім?
Шыңдарға жетем әлі самғай…
Жүрек үнін тыңдай білмесең,
Өзіңді өзің шыңдай білмес ең,
Өмір деген - берілген сынақ,
Өз қолыңда сынбаймын десең!