Текст песни
Біз қазақтың жауынгер ұланымыз
Тегеурінді мұзбалақ қыранымыз
Көк туды көтеріп алғы шепте
Отан қорғау мәңгілік ұранымыз.
Ұқсайтын хас батырдың тұлғасына
Алатаудай айбарлы күн астында
Күзетте тұрамыз қаруланып
Қарағайдай қасқайып шың басында.
Алға Алға тұғырыңнан тайма,
Жауынгер жауынгер жауынгер
Алға алға мұздай қару қолда
Жауынгер жауынгер жауынгер
Ержүрекпіз жауынгер арындаған
Жанарынан от шашып жалындаған
Халқымның жарай қалсам қажетіне
От пен суға түсуден тайынбаған.
Қорғаймын қазыналы жерімізді
Сүйемін жан-тәніммен елімізді
Төгемін туған жердің топырағына
Болса дағы бір тамшы терімізді.