Текст песни
Жазып жүр ме?
Саған күнде,
Жүрегің мені сатып жүр ме?
Көңілің өзге біреуді жаным, ұнатып жүр ме?
Сырыңды айттың,
Маған айт, күнде кімге?
Тұрмын жаңбыр астында,
Тамшы аспаннан себелеп.
Екеумізде расында,
Бәрі болды керемет,
Кетіп қалдың айналып,
Ал мен қалдым “неге?” Деп.
Сені ойлауды қоямын жаным мен бір күні
Сағынады екен соңында айтшы кім кімді
Жазып тұрма қиналдым деп маған бір түні , мүлдее
Қиналсаңда маған енді сен хабарласпа
Өмірден телефоннан мені өшіріп таста
Қалсын тек естелік боп сол бір бейнетаспа , бізде
Есімде әлі сақтаулы,
Сен тұратын мекен-жай
Сол жаққа бір хат барды,
Неге жүрсің оқымай?
Сен сырыңды сақтадың,
Сақтай алам мен қалай.
Атыра алмайм ақ таңды,
Мен өзіңді ойламай.
Бөлекпіз,
Басталып кетті кенет күз.
Бірақ мен сені, жүрегіме керек қыз,
Сүйдім себепсіз.