Текст песни
Ойлап тұрсам бұл дүние шолақ екен-ай!
Бір-біріне, беу, адамдар қонақ екен-ай!
Арман-ай, өтеді дүние-ай жалған-ай!
Қырмызыдай құлпырған қайран жастық-ай!
Қара жерге қар жаумас болады екен-ай!
Арман-ай, өтеді дүние жалған-ай!
Қудым сені-ай, дүние, жалықпай-ақ-ау
Ұстатпадың-ай судағы балықтай-ақ-ай!
Арман-ай, өтеді-ай дүние-ай жалған-ай!