Текст песни
Тәтті ұйқының қушағына беріліп
Жатты сұлу , үнсіз турмын телміріп
Ақ дидарын , айдай жүзін көргенде
Бойым балқып , кетті сезім еліріп
Ай секілді, маңдайдағы қиғаш қас,
Беттегі мең - сайда жатқан қара тас
Дем шығарып баяу ғана жупардай
Қорғасындай толықсиды қарындас .
Күнім туып бақ жулдызым жанатын
Уақыт болсам мәңгі тоқтап қалатын
Болсам етті , әттең дүние-ай сол көрпе
Құшып , сүйіп құшағыма алатын
Дәурен қайда маған оны сүйетін ?
Менің , оны шын сүюғой ниетім
Не сол көрпе астарының бір сабақ
Жібі болсам денесіне тиетін
Күнім туып бақ жулдызым жанатын
Уақыт болсам мәңгі тоқтап қалатын
Болсам етті , әттең дүние-ай сол көрпе
Құшып , сүйіп құшағыма алатын