Перейти к содержимому
Обложка трека Жұт — Еркеш Шакеев
9:10

Трек

Еркеш Шакеев Жұт

Альбом · Алаш · 2025 · Поп

Скачать

Текст песни

Кетер ме көпке шейін Доңыз естен
Былтырғы қатты боран қыстайғы ескен?
Жетпіс пен сексендегі қариялар
“Көрмедік сұрапылды мұндай”, - дескен
Үскірік, аяз, боран араласқан
Екі үйдің арасында жан адасқан
Қабағын түйіп келген қаһарлы жұт
Салды ойнақ сахараға уытын шашқан
Мұндайда касқыр қарап қалсын неге?
Қашаннан тісін қайрап жүрген неме
Көп берді жұтқа көмек бір жағынан
Демеді: “Қызғаныш қып жұтта жеме!”
Қырылды қоста жылқы сорға түсіп
Омбы қар, терең сай мен орға түсіп
Хал кеткен қайыруға жылқышылар
Жанымен «қош» айтысты олар да үсіп
Үстінде ұзын жолдың қалашылар
(Күн бар ма кедей сордың бағы ашылар)
Тоқтаусыз күні-түні соққан боран
Біразын қалған басып қазасы бар
Суатқа мал суғара барған малай
Келеді құлақ-мұрнын о да уқалай
Кенеттен бір мезгілде боран соғып
Лағып құба жонға кеткен талай
Қайран ел, қандай едің заманында
Күн бұрын сақтанбадың аманыңда
Алдына жау мен жұттың айдап салып
Сөйтетін қор болып жұрт каларында
Жаз туса бейғам едің қыс жетпестей
Қызық күн бастан, енді, еш өтпестей
“Жаратқан құдай артық халықпыз” деп
Қолынан, төрт түлік мал бір кетпестей
Қара жер анамыз ғой бізді тапқан
Өлгенде тағы қайта қойнын ашқан
Қол үзіп, сол анадан айрылмасақ
Өлтірер бізді тіпті қалай аштан?
Қайран ел, қандай едің заманында
Күн бұрын сақтанбадың аманында
Кетер ме көпке шейін Доңыз естен
Былтырғы қатты боран қыстай ескен?

0:00 0:00