Перейти к содержимому
Обложка трека Елім-ай — Еркеш Шакеев
7:29

Трек

Еркеш Шакеев Елім-ай

Альбом · Алаш · 2025 · Поп

Скачать

Текст песни

Ем таба алмай дертіңе мен ертеден
Сол бір қайғың өзегімді өртеген
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден
Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай?
Өткен сағым, келер алдың бір мұнар
Қызылшылсың қызарғанға тым құмар
Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар
Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!
Елім-ай
Елім-ай
Елім-ай
Елім-ай
Елім-ай
Қандай едің, қара кейін қайырылып
Қандай едің, тұрсың одан айрылып
Қайтер едің өткен дәурен оралса
Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай?
Мұны құр бос өлең десең, өзің біл
Жұрт болмаймын өлем десең, өзің біл
He болса да көнем десең, өзің біл
Босағада жүрген құлша, елім-ай!
Елім-ай
Елім-ай
Елім-ай
Елім-ай
Елім-ай
Елім-ай
Түзелесің қашан, жұртым, оңалып?
Тіл алмасаң, кетпеймісің жоғалып?
Мүгедек боп қос қанатың майрылып
Өксіп жылап өгей ұлша, елім-ай!
Елім-ай
Елім-ай
Елім-ай
Елім-ай
Сол күніңді көрсем - менің арманым
Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын
Сұм жүрегім селк етпейді жалғаның
Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай!

0:00 0:00