Перейти к содержимому
Обложка трека Сағындым — Еркеш Шакеев
5:48

Трек

Еркеш Шакеев Сағындым

Альбом · Алаш · 2025 · Поп

Скачать

Текст песни

Туғалы қапас көрмеген
Көкіректе кектер кернеген
Талпынып құлаш сермеген
Айтайын ішкі сырымды
Қайырымды қалың елі бар
Сарыарқа сары белі бар
Өрісті шалқар көлі бар
Сағындым мен қырымды
Таулары биік қиялы
Орманы шалғын миялы
Сағындым еркін даламды
Сағындым Арқа — жерімді
Сағындым еркін даламды
Сағындым Арқа — жерімді
Өзенді, көлді жайлаған
Кермеге тұлпар байлаған
Хабарсыз арам ойлардан
Сағындым мен аулымды
Жібектей шашы оралған
Қыпша белі қыналған
Еркесі қырдың бұралған
Сағындым мен сәулемді
Таулары биік қиялы
Орманы шалғын миялы
Сағындым еркін даламды
Сағындым Арқа — жерімді
Сағындым еркін даламды
Сағындым Арқа — жерімді
Айналып-толғап өсірген
Ақ сүтін беріп кешірген
Тастамайтын есінен
Сағындым ғаріп анамды
Сағындым бейбіт елімді
Таулары биік қиялы
Орманы шалғын миялы
Сағындым еркін даламды
Сағындым Арқа — жерімді
Сағындым еркін даламды
Сағындым Арқа — жерімді

0:00 0:00