Текст песни
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте - бұлтпын, жерде - желмін
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
Көкте - Күнмін, көпке нұр шашамын
Көңіл алсам, қазір ғарышқа асамын
Шеті, түбі жоқ қаракөк теңізбін
Ерігемін - толқып, шалқып, тасамын
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді
Надан адам өлім жоғын білмейді
Өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың
Түлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың
Күл болсын көк, жер жемірілсін
Көз қырымен күліп қана қарармын
Мейірленсем - сегіз жұмақ қолымда
Қаһарлансам - тамұқ даяр жолымда
Жоқ жақыным, Жасағандай жалғызбын!
Мен бе иілер әлсіз адам ұлына?!
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді
Надан адам өлім жоғын білмейді
Өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Өзім - тәңірі, табынамын өзіме
Сөзім - Құран, бағынамын сөзіме!
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді
Надан адам өлім жоғын білмейді
Өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Мен өлмеймін
Мен өлмеймін
Мен өлмеймін
Мен өлмеймін
Мен өлмеймін
Мен өлмеймін