Текст песни
Келемін кемемен, кекті ұмытып,
тек тұнық - тектілік.
Шегедей мықты еттімін,
денеге керегі ептілік.
Текті бол, шекті біл,
сорақы дер еркекті кім?
Тұқымы құрыды әдептіліктің , Еркелікте көп кері септілік.
Тәңірдің бергені тәніңе сый,
Жаныңның бостығы қауіпті.
Жасаған ғибадат әмірге сый,
Жаныңның кигені саутты.
Сұрпайы қимыл, арамы пиғыл,
Киелі кемені иелен, үй қыл.
Ағылып құйыл, жаңарып биыл,
Керегі деміңе, керіден тыйыл.
Қайырма:
Елу мың атыңа тоймайтын Иллюминат,
Диу, жын-перінің қайтесің ілімін ап.
Еліңнің танымы бір, бірліктің демін ұнат,
Биыл туған ұлыңа құр ұятың аманат.
Білектен тамды қан тектен-тек,
Бәкелер жаудырып тілектен-тілек.
Уәдемен құлақтан тепті деп,
Жатам ба, бергенше көктен кеп?
Даланың есіркеп баққан ұлы,
Тағдыры құбылып, зарға бай мұңы
Жадыңды мазалап ой жегені,
Көбейтіп күнәні қой дегенім.
Тәніңе рухтың пәктігі,
Бастан кетпес шаттығың.
Жадыңа жат болар жат қылық,
Құлдықтан азат ет ойды нық.
Өзекті өзгерту өздігіңде,
Сөздің ал жүздігінен.
Тiзгінін үзбеген ақ жүзіңді,
Үздігі бол, іздегенге!
Қайырма:
Елу мың атыңа тоймайтын Иллюминат,
Диу, жын-перінің қайтесің ілімін ап.
Еліңнің танымы бір, бірліктің демін ұнат,
Биыл туған ұлыңа құр ұятың аманат.