Текст песни
Ән күйге керек пе, басты ию?
Ала диюге керек сауыт кию.
Арлы үйде ант беріп, ой түю,
Ақын әні үшін керек жан қию!
Сахнаның таланттары, әлемнің ала Джокері,
Ой теппейтін әнімен ауызды ғана көпіртіп.
Өзін сатар комерсант, тілімен жалғап көпірін,
Мәдени құлпыруда хайп-өнердің бұл түрі.
Естіп пең тапаншаның жөтелуін балақай,
Пытра оқ жарамайды бұл жағдайда балақай.
Жау кесе сандықта, атаң киген малақай,
Апаң дейді: «жауынгер туылды» деп алақай!
Мультикарта иеленген парақордың жауымын,
Үлесін бермей ел күйдірген, залым бидің жауымын.
Ұлтын көрмей заң құрған, қате жүйе жауымын,
Моралі жоқ, дүбірлі шоу азғындардың жауымын!
Төбет үріп, ырылдап, мал екенін мойындағаны қалай?
Былай нормально? Чё то, не то сияқтылау. Маста бауыр атылды-ау, тебе салып аяқтан "low". Балам-ау? Көше тілі қаттылау!
Ән күйге керек пе, басты ию?
Ала диюге керек сауыт кию.
Арлы үйде ант беріп, сауыт кию,
Ақын әні үшін керек жан қию!
Бридж:
Айтып келемін мен сол датты,
Ақын бар ма екен мені бүгін қолдайтын?!
Қайтып келеді ме - деп, сол датты,
Халқым күтуде өлеңдерін жолдайды деп.