Обложка трека Ego — Аль Nasr feat. Alina Gerc
2:46

Аль Nasr feat. Alina Gerc Ego

Альбом · Zhau Ishinde · 2023

Скачать

Текст песни

Бүйірден соққан желдей , басыңа түсер нәубет,
Ой келіп, ұйқы қашты, дөңбекшіп төсекте аунап.
Адамдар фаст-фуд, құнары жоқ ауқат,
Ойын дүниені қуып, сосын нәбиден аулақ.

Алаңға қайтса кері, G.H.A.D-тың шамы жанбақ.
Жел тұрсы домалайсың, далада кезген қаңбақ.
Әп-сәтте шағың өтер, ақ жаның тістер бармақ,
Қабыл ал тыңдарманым, бізден екінші тармақ.

Түйсікке жетсе тұмбам, жаныңды жырмен жұбат,
Жалынды өртеген мұңнан, әуендік ақыл қымбат,
Бұл әнім қалса ұнап, жүрерсің бәледен аулақ,
Алтын балықты аулар, қолыңа берем қармақ.

Жұртынан жеке қалып, шет елге ауған жаңға,
Отын жүректе жағам, оған жетеді-ау шамам.
Жырақта жүрсе жаман, тентіреп бала-шағаң,
Жолыңды бөгеп шалам, жүзіңді алып ақшадан.

Қайырма:

Әзәзіл әзілдеп, әзірлейді әзілін,
Азулы аз бүгінде, мәзіріңде азғын үн.
Болса егер атағың, өтеді-ау мазағың,
Бойыңда эго, еліңде жоқ шатағың.

Жол мақсаты жету, көкіректе жанып от алауы.
Бауырмен тіккен туды, ұмытпағай бағалауды.
Аңқауда болмай себеп, мойнына міңгізседе.
Өлседе ақтық үшін, ақ жүрегі бүлк етпеген.

Сөз айтсаң ащылау, пейілі оның ашық-ау.
Жаттайтұғын кегі жоқ, еккені адал бақша-бау.
Көңілі көнгіш келер, түнгі үште бір күшке ерер.
Рахманның әмірін ап, болды ақыл иелерінен.

Аз қалды шыда досым, жамағатқа қосыл,
Жұмаққа жаныңды ұсын, әкеден десін осы ұл.
Ақылгөй баяғы Наср, сөзіме құлақ асыр,
Қажетіне жарадың , әйтпесе қайтпек «Бос»ың.

Томпайтып дене тәнін, адам диета ғалымы.
Қалайды ел жайлылық және төсектің қалыңын.
Мың лайк, мыңға ұнайық, мұның бәрі бекер-ақ,
Құдай алды озат бол, жаныңа осы шекер ақ.

Қайырма:

Әзәзіл әзілдеп, әзірлейді әзілін,
Азулы аз бүгінде, мәзіріңде азғын үн.
Болса егер атағың, өтеді-ау мазағың,
Бойыңда эго, еліңде жоқ шатағың.

0:00 0:00