Обложка трека Egiz lebiz — Dosekesh
3:22

Dosekesh Egiz lebiz Yeski Taspa

Сингл · 2025

Скачать

Текст песни

Көгімдегі айым дейін сені
Көкшедегі қайың дейін сені
Көзден ұшып жырақта жүрсең
Шамшырағым күнім дейін сені
Әнші бағым, гүлім дейін сені
Өзіңмен бір жұмаққа кірсем
Келші бағыма әлдеқайда ұшпай келші, жаным
Қоншы қолыма арман аппақ құстай қоншы, жаным
Келші бағыма, қоншы қолыма
Келші, жаныма, кел!
Сағынғанда саялайын сені
Аққуымдай аялайын сені
Айдыныңда қалықта, жаным
Бала қаздай мәпелейін сені
Жаңа өмірге жетелейін сені
Жаныма кел, жабықпа, жаным

0:00 0:00