Текст песни
Жалын жанған сәтте сені көрдім
Енді қалдырмашы мені
Айналам жауында тебірендім
Сені көрдім мен себебі
Оралмас сол күндер қайтадан
Өткен іс берді ме мол пайда
Арамыз алшақтап қалса да
Сені көрдім осы шақта
Қоңыраудан дауысыңды естігеннен
Жүзіңді көргім келеді
Нұрлы бейнең жайдарлы бір келбетті
Жүрекке жылу береді
Оралмас сол күндер қайтадан
Өткен іс берді ме мол пайда
Арамыз алшақтап қалса да
Сені көрдім осы шақта
Сені көрдім осы шақта
Артылған үміттерді ақтағым келгені менің
Таң атқан сәттерде жүзіңді көргім келгені сенің
Оралмас сол күндер қайтадан
Өткен іс берді ме мол пайда
Арамыз алшақтап қалса да
Сені көрдім осы шақта
Сені көрдім осы шақта