Текст песни
Айтшы жүрегің өз-өзіне көп алама,
Олай да бола ма.
Мен сені қаламаймын сен мені,
Бағыңа балама.
Көзіме көздеріңмен көп қарама,
Сезімге жолама.
Негізі ештеңе де жоқ арада...
Болды көңілің керек емес әуре болма,
Сезімді армандама, сыйыңды көп арнама.
Болды көңілің керек емес әуре болма,
Сен мені мазалама, ұмытшы тез арада.
Мені жараладың деме,
Неге қарамадың деме.
Қарамадым да қарамай өтем,
Қанша рет айттым ұқпадың нетем.
Енді қыр соңымнан ерме,
Менің номерімді терме.
Мазалай берме көңілің бекер,
Қарамағасын болды ғой жетер.
Әрі бері жүрме саған деген ой жоқ менде
Сені сағыну ойымда жоқта
Сен де артымнан еруді тоқта
Әрі бері жүрме саған деген ой жоқ менде
Маған түнімен телефон соқпа
Сен де артымнан еруді тоқта
Болды көңілің керек емес әуре болма,
Сезімді армандама, сыйыңды көп арнама.
Болды көңілің керек емес әуре болма,
Сен мені мазалама, ұмытшы тез арада.
Комментировать