Перейти к содержимому
Обложка трека TANGY ELES — NVKOSH
4:00

Трек

NVKOSH TANGY ELES

Сингл · 2026 · Хип-хоп

Скачать

Текст песни

Prod. by NVKOSH

Мен әлі бала болсам да
Болашаққа жол салсам да
Тым болмаса бір көрінші
Түсіме ен анда-санда
Сені қалай ұмытайын?
Жүрегімде сен әрдайым
Тым болмаса бір көрінші
Бір өзімді жұбатайын

Таңғы елес, таңғы елес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес
Таңғы елес, таңғы елес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес

Ұмытпашы
Бұл өмірге келіп кетер жалғыз өзің ғана
Қала үлкен, қалмайды да сенің ізің дара
Жаныңа жақын жандар өткен күндерді санап
Өмірлік сәт — арбаланып қалар үзінді ғана
Мен баламын, әлі түсінбеймін бұл өмірді
Қанша сынаққа толы жалған өмір мен өлімді
Бастан кешіп, кешіккендей алмасып күнімді
Ұйқысыз түндер емдемейді бұл үнімді

Таңғы елес, таңғы елес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес
Таңғы елес, таңғы елес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес

Жүзің кете алмайды, әттең, менің көз алдымнан
Білмеймін қайдан түзу жолдан мен қайта шалынам
Қайта тұрам, мүмкін бәрі менің өз қолымда?
Енді болып қалды арман көру сені қайтадан
Келдің осы күнге дейін сен тек мені аялап
Сен жанымда табылған сәттер — маған саябақ
Аяқ тайғақ, саған құйдым құм мен өз қолымнан
Денем сезбейді, сенбейтіндеймін болған қайғыға

Мен баяулап келе жатырмын түнгі қаламен
Сендік жүрек қатты соғып жатыр енді менде
Дала шамдары бетке ұрып, ауысып түнекпен
Сенбеймін мен сені көрмейтініме мен күнде
Жалғыз жұлдыз аспанда жүр қалқып өз жөнімен
Мүмкін, бұл сен — қарап жүрсің маған тек үстіден
Сенің сөздерің қағылып қалды мәңгі жүрекке
Сенен алдым қанша үміт, мен алмай өзгеден

Таңғы елес, таңғы елес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес
Таңғы елес, таңғы елес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес
Бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес

Комментировать

0:00 0:00