Перейти к содержимому
Обложка трека Kerek emes — Aisha
2:30

Трек

Aisha Kerek emes

Сингл · 2026 · Рэп

Скачать

Текст песни

Біреудің ақыл үйреткені керек емес
Бар кезінде түсінбегендер керек емес
Миында түк жоқ ақымақтар керек емес
Өтірік понттарың да маған керек емес
Бұл өмір өзімдікі, ешкім тимесін
Күшіңді тасыған, айта бермей, оймен теңес
Өзін биік санайтындар ештеңе демесін
Анау-мынау демейм(ін), табар сөз иесін
Қарамаймын артыма
Іздемеңдер мағына
Айтарың болмаса
Кел де, жаныма ән тыңда
Қарамаймын артыма
Іздемеңдер мағына
Айтарың болмаса
Кел де, жаныма ән тыңда
Кел де, жаныма ән тыңда
Кел де, жаныма ән тыңда
Үлде мен бүлдеге оранамын мен күнде
Өзіме сенем, бір жерді тесіп шығам түбінде
Адамға айналдым сенбейтін бөгдеге
Әке-шешем: «Тек өзіңе сенген жөн», — деген
Өз басым біреудің жібін аттап көрмегем
Адамдарды түр-сипатын айтып бөлмегем
Жаман айтып, даттайтынға қойғам көлденең
Қанша үрлесе де жана бергем, сөнбегем
Қарамаймын артыма
Іздемеңдер мағына
Айтарың болмаса
Кел де, жаныма ән тыңда
Қарамаймын артыма
Іздемеңдер мағына
Айтарың болмаса
Кел де, жаныма ән тыңда
Кел де, жаныма ән тыңда
Кел де, жаныма ән тыңда

0:00 0:00