Текст песни
Күндерім де сенсіз өтіп бәрі мәнсіз болды,
Саған арнап алған гүлдерімде мәңгі солды,
Мына ән өзіңе арналған тек болады соңғы,
Жаным…
Сені өзгенің өмірінде елестете алмаймын
Тек өзің болдың өмірімдегі сұлу қайғым,
Осы сәттің бәрі түс болса деп армандаймын
Бағым…
Алыстай, алыстай
Кеттің сен неліктен?
Қайғымен дос болып,
Мұң салдың көрікке
Күн санап әлі де
Сен келіп қалар деп
мен күтем!!!
Күнімен, түнімен
Өзіңді ойлаумен
Қиналды бұл жүрек
Шарасыз күйге енген,
Күн санап әлі де
Сен келіп қалар деп
мен күтем!!!
Күлімдеген жүзің болған еді жалғыз емім
Сені сағынған сәттерде тарылады демім,
Менде бар өшпейтін мәңгі бір үміт, бір сенім,
көркемім
Жанымда болғаныңды қалаймын жан-тәніммен,
Сендей асыл жанды алмастырмайды өзге мүлдем.
Сұрарым тағы бір мүмкіндік, жаным өзіңнен
Шын сүйем!
Алыстай, алыстай
Кеттің сен неліктен?
Қайғымен дос болып,
Мұң салдың көрікке
Күн санап әлі де
Сен келіп қалар деп
мен күтем!!!
Күнімен, түнімен
Өзіңді ойлаумен
Қиналды бұл жүрек
Шарасыз күйге енген,
Күн санап әлі де
Сен келіп қалар деп
мен күтем!!!
Алыстай, алыстай
Кеттің сен неліктен?
Алыстай, алыстай
Кеттің сен неліктен?