Текст песни
Жүректегі бір
Ашылмаған сыр
Сенсіз менің жан-дүнием
Жай таба алмай жүр
Айналам да сұр
Түсті бояу алмай тұр
Жалғыздықтың не екенін
Сөздерімнен біл
Қараңғыда,ара-тұра, көріп елесіңді
Сене алмай, білмеймін есімді
Сені менен
Алып қойған тағдырға
Бір өкпем бар
Неткен қатігез ол, сүйген жандарға?
Сеніменен
Атушы еді таңдар да
Сол күндерім менің
Өңімде емес енді - арманда
Жүрегімде бір
Айтылмаған сыр
Сені менің ақыл-ойым
Жібере алмай жүр
Сүре алмадым
Құр босқа өзіңсіз өмір
Солып қалды сезім жоқта
Көңілдегі гүл
Қараңғыда,ара-тұра, көріп елесіңді
Сене алмай, білмеймін есімді
Сені менен
Алып қойған тағдырға
Бір өкпем бар
Неткен қатігез ол, сүйген жандарға?
Сеніменен
Атушы еді таңдар да
Сол күндерім менің
Өңімде емес енді - арманда
Өңімде емес енді - арманда