Текст песни
Болмысыңнан сенің
Өзімді іздедім
Жылатсам кеш мені
Жаным
Мен сені алдадым
Тағы да жүрегіңе ауыр салдым
Бірақ сен махаббатпенен қарсы алдың
Әрдайым мейрімге орын таптын
Бақытыңды тіледім өзіңе
Мен берген мазасыздықты алдым өзіммен
Енді үміт тағы да үзілді
Сені сүйемін десем, тым кеш
Жаның тыныштық тапсын
Махаббатқа сеніміңді жоғалтпа
Екі арнамыз бірге тоғыспасада
Мен сені ешқашан ұмытпаспын
Мен сені сүйемін
Ешкім көрмейтіндей жас ақты көзімнен
Ендігі қуаныш тек болсын жалғыз бір себеп
Саған айтарға сөздерім тағы да жетпеді
Жүректі тыңдадық, кінә жоқ ешкімнен
Самға, ұшшы артыңа артыңа қарамай
Сенің орның тым биік ал мен жай ғана лаймын
Мен жоғалттым өзімді тұманда
Тағы да қорқамын, жалғыздықта қалдым
Айға қарап тек өзіңді күтем
Мен қашқым келеді, бірақ жүгірдім өзіңе
Менің орным сенің жаныңда ма ?
Әлде бұл тағы да жаңа сабақ па ?
Жіберу қиын біздің көзқарасты
Қанша ауыр болса да мен саған құмармын
Жаным маған келші, жұбатшы мені
Себебі…
Мен сені сүйемін