Перейти к содержимому
Обложка трека QONYRAU — Luina
2:42

Трек

Luina QONYRAU

Сингл · 2026 · Поп

Скачать

Текст песни

Түніменен сені оятып,
Қоңырау шалады тағы да.
Сені сағынбаймын деп айтып,
Қайтқысы келеді жаныңа.
Қалдырады тағы жылатып,
Сөзі дәл тиеді жараңа.
Жауап бермеші жұбатып,
Оның жағдайын сұрама.
Ұнайды кешірім сұрап, саған ақталғаны,
«Сүйемін» деп сені қатты мас болғаны.
Ертеңгісін дым болмағандай өмір сүрет,
Қалай айта аласың мұны махаббат деп?
Оған керек жарық, сезе алмайды жараңды,
Оның іші суық, оның іші қараңғы.
Ал сен жалғыз адам — емдей алар қанатын,
Жәй ғана оны тыңдай алатын.
Түніменен сені оятып,
Қоңырау шалады тағы да.
Сені сағынбаймын деп айтып,
Қайтқысы келеді жаныңа.
Қалдырады тағы жылатып,
Сөзі дәл тиеді жараңа.
Жауап бермеші жұбатып,
Оның жағдайын сұрама.
Саған керек кезде жоқ болады лезде,
Көрінбейді көзге, не қыласың іздеп?
Қайда жүр екен деп қоңырау шалсаң егер де,
Абонент байланыстан тыс жерде.
Сен ойладың: ол бос емес шаруалармен,
Бірақ көңіл көтереді ол басқалармен.
Олармен сәті келмей қалса егер де,
Саған хабарласады, сен көтерме.
Түніменен сені оятып,
Қоңырау шалады тағы да.
Сені сағынбаймын деп айтып,
Қайтқысы келеді жаныңа.
Қалдырады тағы жылатып,
Сөзі дәл тиеді жараңа.
Жауап бермеші жұбатып,
Оның жағдайын сұрама.

0:00 0:00