Текст песни
Жүрегіме сенің тоңып қалса беретін жалын,
Тек бір өзіңсің жаным,
Тек бір өзіңсің жаным.
Кездестірген күннен сездім мен
Бұл өмірдің мәнін.
Тек бір өзіңмен жаным,
Тек бір өзіңмен жаным.
Жаныма келдің,
Сәтінді бердің.
Соңыңнан ердім мен,
Сөзіңе сендім.
Бол менің жанымда,
Түнімде, таңымда,
Бағымда, барымда,
Мәңгілік жарымда.
Екеуміз бірге,
Қол ұстасып жүрген кезде,
Жаңа шамдар жағылады,
Гүлденеді әлем лезде.
Бірімізге бірімізді сыйлайықшы,
Жүректерде жанып тұрған
Сезімдерді тыймайықшы.
Екеуміз бірге,
Бақыттымын мен де,
Сен бақытты болсаң ардағым.
Тек бір өзіңмен жаным,
Тек бір өзіңмен жаным.
Жылулығыңменен келтіресің,
Өмірдің сәнін.
Тек бір өзіңмен жаным,
Тек бір өзіңмен жаным.