Текст песни
Анадан асыл жан бар ма еді адамда
Әкеден биік тау бар ма еді ғаламда
Аялап алақанда күлкі сыйлаған
Бақытты бал күндерім мәңгі санамда
Әкешім алдымызда жүрші күлімдеп
Алдымнан күтіп алар ылғи күнім деп
Ізіңді жалғастырар менің ұлым деп
Әкешім
Әкешім
Жаныма жүрегінен шуақ төгетін
Қиналсам қолдаушым боп қуат беретін
Бағымды бір Алладан сұрап беретін
Анашым
Анадан қай сырыңды жасыра аласың
Әкеден басқа кімге бас ұра аласың
Ешқашан өзгермейтін екі адам бар
Ол менің әкешім мен асыл анашым
Әкешім алдымызда жүрші күлімдеп
Алдымнан күтіп алар ылғи күнім деп
Ізіңді жалғастырар менің ұлым деп
Әкешім
Әкешім
Жаныма жүрегінен шуақ төгетін
Қиналсам қолдаушым боп қуат беретін
Бағымды бір Алладан сұрап беретін
Анашым
Әкешім алдымызда жүрші күлімдеп
Алдымнан күтіп алар ылғи күнім деп
Ізіңді жалғастырар менің ұлым деп
Әкешім
Әкешім
Жаныма жүрегінен шуақ төгетін
Қиналсам қолдаушым боп қуат беретін
Бағымды бір Алладан сұрап беретін
Анашым
Әкешім
Анашым