Текст песни
Күннің астындамын
Көк пен жердің арасындамын
Дәл қазір сенің басыңдамын
Жыласаң қасыңдамын
Бетпердке шешкен қас қағымдамын
Тыныштықтамын
Мекендеймін жүректің ең түпкі тамын
Қараңғыда жағамын шам
Есік ашамын
Ашық құшағым
Қабылдаймын арқамда болса да қанша пышағың
Жараңды емдеп бақыт құшамын
Тағы ұшамын
Кімнен қашамын?
Өзгересің қашан?
Мен тағы да жолдар жазамын
Қолдарым кір, ал ойым таза
Таңертең естимін азан
Ойлар бермейді маза
Көз кіртиіп, бір тимей, бір тиіп
Сол күйі бастап кеттім күнді жаңа
Күнде жанам
Өшетінімді білем
Бірақ күнде жанам
Үйреткендей атам
Ең күшті әке
Ең мықты анам
Дауысымды есті
Деміңді шығар жинап ал есті
Мен де сен секілді келгім келеді үйге беспен
Жоқ онмен жоқ он беспен
Ешқашан жетпид
Өзің көр сенбесең
Өмірде барлығын ақша шешеді десең
Өкінбе сен
Көк түтінде пәтер
Әріпке толы дәптер
Нақ мені көрсетед
Есіңде әр сәттер
Өмір оңай емес
Тек қана маңдай тер
Қалталы бай емес
Іштегіге мән бер
Жартылай өзімді жоғалтып алдым
Жанымның бөлігі түсіп қалды
Іріңді жазуға ерінбей
Атымды кір суға малды
Шығармын әйтеуір тауып амалды
Көңілім қалып, үйге қамалдым
Бұрынғы мен қайтып келмеймін
Өзімді ұмытамын, бірақ ұмытылмадым
Қолымдағы темекі сендердің сезімдеріңнен ұзағырақ
Ойымды паш етем ұстап ырғақ
Ауызым құрғақ, бірақ толған жырға
Қырдан қырға жүріп, бәріне ұнауға тырыстым
Бірақ үнемі істеп жүрдім бір істі
Қазір ойлар бекер кірістім
Мәселе сен ойлағаннан да тереңірек
Күлем әрең әрең
Бәрімізді күтеді бір мәре
Қандай терең жара болмасын, бәріне бар ем
Не күтесің айналаң іші тар ел
Ішіңдегіні шығар енді
Тағы көрсет
Бүгіннен бастап жалғызбын нақты
Сағынам қайтып келмейтін шақты
Қабылдап алдым сабақты
Жүректен қан ақты
Бәрінде бар кір асты тырнақтың
Өзіңнен киімің қымбат қой
Маған керегі шынайы тыңдарман
Қалғаның менен аулақ бол
Похожие исполнители