Текст песни
Басы басталып еді әдемі
Ол кезде түзу еді сәлемің
Болады деп ойладым әлемім, менің
Сұрағаныңды бере алмадым
Басқалары соны беріп сені алдады
Ойландырмады сені қалғаны, жаным
Сен мәңгі деп, ойладың
Жаным осының бәрін
Дедің “Өмірдің сәні”
Сен мәңгі деп, ойладың
Жаным осының бәрін
Дедің “Өмірдің мәні”
Енді жолама, сенен сұрарым бұл менің
Енді оралма бұлай боларын білмедім
Жанымды қорлама, болмас жүректі езгенің
Бақытты болып жүре бер құшағында өзгенің
Қазір қызық емес, қайдасың? кіммен?
Жүрсің не істеп?
Арамыздың суып кеткеніне айтшы не себеп?
Өзің кеткелі өзгеріс жоқ, тек қалдым сәл-пәл жүдеп
Жүдеп, Жүрек
Өзіңді іздеп…
Өзгемен кездесуге, асықтың шашыңды тарап
Махаббатқа мас болып алдандың ішкендей шарап
Кездер-ай отыратын
Алматы кешкі саябақ
Саусақпен жұлдыз санап
Менің махаббатымOriginal Soundtrack к фильму "Почти Мачо"