Текст песни
Біздің махаббат қызық сериал
Әр сериясы әртүрлі қиял
Менсінбей жүрдің басында сынбай тынбай
Сынбай мойныңды бұрмай
Комедия боп тұрысыңды-ай
Трагедия боп қалма қосылмай
Рөлде де өмірде тек мен сүйіп
Шынайы болшы солай
Ерте-ертегідей болайық екеуміз
Happy end болатындай ғұмыр кешеміз
Енді жарық болады біздің көшеміз
Теңіз жағасына зәулім үйге көшеміз
Сен мен деп енді екеумізді ешкім бөлмейді
Сенен өзге жанды мына екі көзім көрмейді
Сен қасымда болсаң жұлдызым - жарық сөнбейді
Қараңғы түннен кейін шыққан күндей
Біздің махаббат қызық сериал
Әр сериясы әртүрлі қиял
Менсінбей жүрдің басында сынбай тынбай
Сынбай мойныңды бұрмай
Комедия боп тұрысыңды-ай
Трагедия боп қалма қосылмай
Рөлде де өмірде тек мен сүйіп
Шынайы болшы солай
Күліп қарсы алатын, менің жақсы адамым
Шүкір етіп барыңа , өзіңмен мақтанамын
Сырымды бөлісіп, өзіңе келіп ақтарамын
Көзіңе бір қарап, қайтадан шабыттанамын
Тағдырыма жазылған екенсің сыйым болып
Енді мен келемін құшағым гүлге толып
Биіктерді бағындырып келем бір сен үшін
Мен үшін тілекші бол, таусылмасын күшің