Перейти к содержимому
Обложка трека Күз бен қыз — Ержан Жұмабекұлы
3:02

Трек

Ержан Жұмабекұлы Күз бен қыз

Сингл · 2022 · Поп

Скачать

Текст песни

Таң атпай сезім алаң,
Жұмақтай көзіме маң.
Армысың, алтын күзім,
Жеттім-ау өзіңе аман?!
Сен едің сұрағаным,
Жалғызым, жұбанарым.
Біреулер мұңаяды,
Мен болсам қуанамын.
Армандап алып-ұштым,
Сиқыры сағыныштың.
Ән тұнған әлеміндей,
Күз деген бақ-ырыстың.
Сары қыз, түсін мені,
Жүректің ішіндегі.
Сап-сары жапырақтар,
Сені еске түсіреді...
Күн шықсын шұғылалы,
Күзде күн құбылады.
Күн қанша салқындасын,
Көңілім жылынады.
Әр мезгіл бізге дара,
Белгі бар ізде жаңа.
Тек мені күтетіндей,
Бақытым күзде ғана.

0:00 0:00