Перейти к содержимому
Обложка трека Абылай хан шеруі — Қоғам Айым
3:44

Трек

Қоғам Айым Абылай хан шеруі

Сингл · 2026 · Поп

Скачать

Текст песни

Халықпыз атамекен жердегі
Бақыт қонған егеменді елдегі
Бабалардың аманатын сақтаған
Көк туым бар желбіреген көктегі
Қазақ елі қайратты
Бірлігіміз айбатты
Отан үшін ерлікпен
Біз көтердік байрақты
Қазақ елі қайратты
Бірлігіміз айбатты
Отан үшін ерлікпен
Біз көтердік байрақты
Ооо—оо—ооо
Уи—ии—иии

Қыранымыз қанаттары талмайтын
Еліміздің батырларын қолдайтын
Сын қатерде жұдырықтай жұмылып
Абыроймен жерімізді қорғайтын
Қазақ елі қайратты
Бірлігіміз айбатты
Отан үшін ерлікпен
Біз көтердік байрақты
Қазақ елі қайратты
Бірлігіміз айбатты
Отан үшін ерлікпен
Біз көтердік байрақты
Аа-аа-ааа
Уи—ии—иии
Аа-аа
Хэ—эй!
Ұлан ғайыр атырап
Ертіс пен еділдің
Арқа мен Алатаудың арасы
Қазақтың алтын бесік Ата жұрты
Әгәрәкей, кім де кім осынау қасиетті жерімізге
Көз алартып, шырқымызды бұзар болса
Өз қанына өзін тұншықтырарымызды біліп қойғаны абзал
Ша-аа
хэ-ей!

Дос болғанға құшағы ашық туыспыз
Қас қылғанға қиып түсер қылышпыз
Ұлы қазақ халықпыз!

0:00 0:00