Текст песни
Prod by NVKOSH
Сені көрген сәтімде
Менің ішімді көбелектер жаулады
Өмірімнің мәніде болу болды енді тек сенімен
Осы қараңғы пәтерде
Жалғыз қалғым келмейді сенсіз
Сүйгім келеді себепсіз, себеп - сіз
Басқа құшақтан қызғанышың
Келем ұшақпен тозбай күшім
Маххабат деген недеген тылсым
Бөгде әлемге өзіңмен
Табылшы енді жанымнан менің
Себеп оған сен менің теңім
Жүрмінғой енді сенің тентегің
Енді сен менен аласың тек қана жылуды
Саған айтам деп қаншама құбылдым
Сенсің енді менің бас үмітім
Мені жұбатады сенің сүйікті күлкің
Сенің жауабыңды мен қанша күттім?
Айтшы жаным, сенің өмірлік жұбың
Мен бола аламын ба?
Алдама! Алдама!
Қарай жараларыңа
Сені өмір бақи сүйіп жаным өте аламын ба?
Сенің жүрекке жақын келбетің
Түсімде қалықтаған ертегім
Жол ашады екеумізге ертеңгі
Бірақ шынымен, шыны мен, гүліммен
Тұрмын есік алдында сенің
Сенші бұл тек қана кемі
Ертеңімді құрдым ботам тек өзіңменен
Аттанамыз алысқа бірге
Расыменде еш себепсіз, себеп - сіз